Интерактивті панель білім беру мекемелерінде, мемлекеттік ұйымдарда және бизнес ортада пайдалануға арналған және дисплей, сенсорлық тақта және компьютер функцияларын біріктіретін мультимедиялық бағдарламалық-аппараттық кешен болып табылады. Жабдық жаңа, пайдаланылмаған, қалпына келтірілмеген және модификацияланбаған болуы тиіс.Экран диагоналі кемінде 75 дюйм, ажыратымдылығы кемінде 3840×2160 (4K), жарықтандыру түрі LED, жарықтылығы кемінде 400 кд/м², контрастылығы кемінде 4000:1, көру бұрышы кемінде 178°/178°, беті — қалыңдығы кемінде 3,2 мм антибликалық шыңдалған шыны. Сенсор инфрақызыл, кемінде 20 жанасуды қолдайды, дәлдігі 1 мм-ден аспайды.Кіріктірілген камера кемінде 8 Мп, 4K және Full HD қолдайды, микрофондар кемінде 8, шуды басу функциясымен, динамиктер кемінде 2×15 Вт.Операциялық жүйе Android 13-тен төмен емес, жедел жады кемінде 8 GB, ішкі жады кемінде 256 GB. Wi-Fi, Bluetooth және RJ-45 қолдауы бар. Интерфейстер: USB Type-C, USB 3.0, HDMI IN/OUT, DisplayPort (DP IN), VGA IN, Audio In, Audio Out, Mic In.Панель СТ РК 1996-2010 стандартына сәйкес OPS-модульмен жеткізіледі, CT-KZ растамасымен: процессор кемінде 6 ядро (2.5 GHz), жедел жады 8 GB, SSD 512 GB, Windows 11 Pro.Жинаққа: интерактивті панель, OPS-модуль, стилустар, қуат кабелі, HDMI-кабель, қабырға бекіткіші, пайдаланушы нұсқаулығы кіреді.Жеткізу, орнату және іске қосу-баптау жұмыстары тапсырыс беруші есебінен. Кепілдік кемінде 12 ай. Телефон: +7 700 324 9466.