Автомобиль жолдарын күтіп-ұстау бойынша:
1. Жол жиегіндегі шөпті шабу – өту саны 4-тен 5,6-ға дейін арттырылуына байланысты, сома 2 929 190 теңгеден 4 100 866 теңгеге дейін ұлғайды, яғни 1 171 676,00 теңгеге артты.
Жеткізушінің 30,08% шартты жеңілдігін ескере отырып, соманың ұлғаюы 819 235,86 теңгені құрайды.
2. Резервтерді санитарлық тазалау – жол жиегінде және еңіс бөлігінде бұталар мен өскіндерді қолмен шабу, қажет болған жағдайда өздігінен өскен ағаштарды түбірімен жою және бұтақтарды бір жерге жинау.
Ауданы 5600 м²-ден 8000 м²-ге дейін ұлғайды.
Сома 4 999 960,00 теңгеден 7 142 800,00 теңгеге дейін өсті, яғни 2 142 840,00 теңгеге артты.
Жеткізушінің 30,08% шартты жеңілдігін ескере отырып, соманың ұлғаюы 1 498 273,73 теңгені құрайды.
3. Жол жүру бөлігін қардан тазалау – ұзындығы 55,2 км-ден 72,2 км-ге дейін ұлғайды.
Сома 13 081 536,00 теңгеден 17 110 269,92 теңгеге дейін өсті, яғни 4 028 733,92 теңгеге артты.
Жеткізушінің 30,08% шартты жеңілдігін ескере отырып, соманың ұлғаюы 2 816 890,76 теңгені құрайды.
4. Қиыршықтас жамылғыларын жөндеу-профилирлеу – ұзындығы 20,5 км-ден 29,2 км-ге дейін ұлғайды.
Сома 3 384 000,00 теңгеден 4 820 136,57 теңгеге дейін өсті, яғни жалпы 1 436 136,57 теңгеге артты.
Жеткізушінің 30,08% шартты жеңілдігін ескере отырып, соманың ұлғаюы 1 004 146,69 теңгені құрайды.