Қыз балаларға арналған шалбар ГОСТ 31407-2009 және КО ТР 007/2011 «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы» талаптарына сәйкес болуы тиіс. Шалбар трикотаж матадан дайындалуы қажет. Матасы тегіс әрі біркелкі, түгі мен мамығы болмауы тиіс. Мата ауа өткізгіш, созылғыш қасиетке ие болуы және қозғалысты шектемеуі қажет. Белі жоғары, жіксіз серпімді белдікпен (резеңкемен) жабдықталған. Пішімі түзу. Құрамы: мақта – 69%, полиэстер – 31%. Киім пайдаланушының денсаулығына қауіпсіз материалдардан дайындалуы тиіс. Балалар киіміне арналған тоқыма материалдарындағы синтетикалық және химиялық (ацетат, триацетат) талшықтардың (жіптердің) мөлшері қолданыстағы мемлекеттік санитариялық нормалардың талаптарына сәйкес болуы немесе оларды қолдануға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар рұқсат берген болуы тиіс. Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған киімнің астарлық матасы табиғи немесе вискозалы талшықтардан (жіптерден) дайындалуы қажет. Бұйымның сыртқы материалы құрамындағы бос формальдегид мөлшері 75 мкг/г-нан, ал астар материалы құрамындағы бос формальдегид мөлшері 20 мкг/г-нан аспауы тиіс. Таңбалау мен буып-түю, сондай-ақ бұйымдағы таңбалаудың мазмұны, оны қолдану тәсілі және орналастыру орны ГОСТ 10581 талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Брюки для девочек. Брюки - трикотаж. ткань гладкая и ровная, без пушка и ворсинок.. Ткань хорошо пропускает воздух и тянется. Высокая талия с эластичной бесшовной резинкой.Крой прямой. не сковывает движений. Состав:хлопок 69%, полиэстер 31%. - Одежда должна быть изготовлена из материалов, безопасных для здоровья пользователя - Вложение синтетических и химических (ацетатных, триацетатных) волокон (нитей) в текстильные материалы для детской одежды должно соответствовать требованиям действующих
государственных санитарных норм или использование должно быть разрешено государственными органами здравоохранения. Для детей дошкольного возраста используют подкладочную ткань из натуральных или вискозных нитей (волокон). - Содержание свободного формальдегида в материалах верха изделий не более 75 мкг/г,
в материалах подкладки — не более 20 мкг/г. Маркировка и упаковка: Содержание, способ нанесения и место маркировки на изделии — в соответствии с ГОСТ 10581.