жалпы тағайындалымдағы, әйелдерге арналған, былғары, жылытылмаған
общего назначения, женские, кожанные, неутепленные
Бишілерге арналған ұлттық етік сипаттамасы (әйел адамға)
Биші әртістерге (әйел адамдарға) арналған етік қазақтың дәстүрлі қолөнері мен заманауи сахналық талаптарды ұштастыра отырып, етіктің тұмсық тұсы домалақ пішінде тігіледі және қонышына, тұмсығына қызыл түсті ұлттық ою-өрнек (қошқармүйіз) сәнделіп, бастырылып тігілуі керек.
Етік ақ түсті 100% таза табиғи былғарыдан жұмсақ сиыр терісінен тігіледі. Бишінің аяғына икемделіп тігіліп, ауа өткізетіндей және ұзақ уақыт бойы пішінін жоғалтпауы тиіс. Етіктің биіктігі тізеге дейін болуы керек. Етіктің ішкі астары табиғи, гигроскопиялық материалдан (жұмсақ былғары немесе тығыз мақта мата) дайындалуы тиіс. Ұзақ дайындықтар мен қойылымдар кезінде аяқты қажап кетпеуі үшін, ішкі тігістері барынша тегіс және жұмсақ өңделуі міндетті. Сондай-ақ, табанға түсетін күшті азайту үшін ішкі ұлтарағы (стелька) ыңғайлы әрі жұмсақ болуы қажет. Билегенде тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін өкшесінің биіктігі 5 см. қоныш тұсы кеңірек пішілген. Бұл-би элементтерін (қамшы ұстап билеу) орындау кезінде қамшыны етік ішіне еркін салуға немесе қимыл-қозғалыс кезінде аяққа қысым түсірмеуге арналып тігілу керек.Табаны сырғанауға қарсы арнайы өңделген, сахнада дыбыссыз және сенімді қозғалуға мүмкіндік беретін материалдан жасалуы тиіс.
Өлшемдері: 38 р.-1 пар
36 р.-1 пар
37 р. -6 пар
Жиыны: 8 пар етік.
Ескерту: тапсырыс берушімен келісе отырып өлшемін алу тапсырыс берушінің мекен жайында болады
Общая характеристика: Специализированная сценическая обувь для профессиональных танцовщиц,