Жұмсақ қос шоколадты печенье қап (210 гр. 6х35). Өнімнің құрамы:
Жүгері крахмалы, шоколад үгіндісі — 14% (қант, какао массасы, какао майы, эмульгатор — соя лецитині, табиғи хош иістендіргіш), қоңыр қант, күріш ұны, өсімдік маргарині [өсімдік майлары мен тоңмайлары (кокос, күнбағыс), су], сары май (сүт), шоколад — 5,5% (какао массасы, қант, какао майы, эмульгатор — соя лецитині), глюкоза-фруктоза шәрбаты, тұрақтандырғыш — сорбит шәрбаты, жұмыртқа, фруктоза, какао ұнтағы — 2,3%, декстроза, қоюландырғыш — ксантан камеді, қопсытқыштар — натрий бикарбонаты және аммоний бикарбонаты, тұз, эмульгатор — соя лецитині, табиғи хош иістендіргіш.
Құрамында люпин іздері болуы мүмкін.
Өнімнің 100 г тағамдық және энергетикалық құндылығы:
энергетикалық құндылығы — 1924 кДж / 459 ккал;
майлар — 19 г, оның ішінде қаныққан май қышқылдары — 12 г;
көмірсулар — 67 г, оның ішінде қант — 29 г;
тағамдық талшықтар — 3,5 г;
ақуыздар — 3,2 г;
тұз — 0,45 г.
Жарамдылық мерзіміне қойылатын талаптар:
Өнімнің жарамдылық мерзімі — 12 ай. Жеткізу кезінде өнімнің қалған жарамдылық мерзімі дайындалған күннен бастап кемінде 80% болуы тиіс.
Сапаны растайтын құжаттар:
Өнім мамандандырылған аглютенсіз тағамға арналған сәйкестік сертификаты және сәйкестік декларациясы ұсынылған жағдайда жеткізіледі.
Жеткізу шарттары:
Тауар медициналық ұйымдарға разнарядкаға сәйкес жеткізіледі."