ИГИ. Функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары:RLC өлшегіші, АКИП-6109, портативті, өлшенетін шамалар диапазонын анықтауға арналған: сыйымдылықты, индуктивтілікті, шығындар бұрышы тангенсін, сапалылық коэффициентін, ток пен кернеу арасындағы фазалық ығысуды, кешенді кедергіні, тұрақты ток кедергісін, эквивалентті тізбектей кедергіні өлшеу.Негізгі қателігі: 0,1%-дан аспауы тиіс.Сынақ жиіліктері: 100 Гц, 120 Гц, 1 кГц, 10 кГц; сынақ сигналының деңгейі кемінде 0,6 В RMS.Кедергіні өлшеу диапазоны (R, Z): 0,1 мОм-нан 10,000 МОм-ға дейін.Сыйымдылықты өлшеу диапазоны (C): 0,001 пФ-тен 20,000 мФ-қа дейін.Индуктивтілікті өлшеу диапазоны (L): 0,001 мкГн-нан 1000,0 Гн-ға дейін.Екі өлшенетін параметрді бір мезгілде көрсету.Сапалылық коэффициенті (Q) диапазоны: 0,0001-ден 9999-ға дейін.Шығындар бұрышы тангенсі (D) диапазоны: 0,0001-ден 9,999-ға дейін.Фазалық ығысу (Θ) диапазоны: -179,9°-тан +179,9°-қа дейін.Компоненттерді (L, C, R) автоматты түрде тану.Өлшеу диапазонын автоматты таңдау.ДК-ге қосуға арналған USB интерфейсі.Қорек тұтынуы – үздіксіз жұмыс істеу уақыты кемінде 24 сағат.Аккумуляторлардан немесе аккумуляторларды зарядтау функциясы бар желілік адаптерден қоректену.Қоректендіру кернеуі: Ni-Mh аккумуляторы 7,2 В (600 мА·сағ) немесе 9 В (150 мА) адаптері арқылы 220 В/50 Гц электр желісі.Өлшеу жылдамдығы: 2 өлшеу/сек. (БАЯУ); 5 өлшеу/сек. (ОРТАША); 10 өлшеу/сек. (ЖЫЛДАМ).Өлшеу сұлбасы: параллельді/тізбекті.Габариттік өлшемдері: 192×93×44 мм-ден аспауы тиіс.Жиынтықталуы: 2 дана «крокодил» қысқышы бар төрт сымды өлшеу кабелі; Қуат адаптері – 1 дана; Аккумулятор – 1 дана; Қысқа тұйықтағыш – 1 дана; Пайдалану жөніндегі нұсқаулық – 1 дана.Тауар жеткізілген сәтте тексеруаралық интервалдың аяқталуына дейінгі қалдық мерзім кемінде 11 ай болуы тиіс.Сертификаттың болуы міндетті.Сатып алу Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12-бабы 5-тармағының 5) тармақшасы негізінде жүзеге асырылады.