Дизель отыны "жазғы". Тапсырыс берушінің Денсаулық сақтау (педиатрия) саласындағы қызметінің ерекшелігін ескере отырып, Тапсырыс берушінің жабдықтарының (генераторларының) үздіксіз, қауіпсіз қызметін қамтамасыз ету мақсатында өнім берушіге: 1. Жеткізілетін тауардың МЕМСТ және сапа стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету. ҚР СТ ГОСТ Р 52368-2009. 2. Сипаттамасы: жазғы, қоршаған ауаның температурасы 0 °С жоғары болған кезде қолданылатын, жабдықтың және/немесе оның қосалқы бөлшектерінің бұзылуына әкеп соқтырмайтын. 3. Өнім беруші тауардың тұрақты болуына кепілдік береді. Жеткізушіге байланысты емес мән-жайлар бойынша дизель отыны болмаған жағдайда, соңғысы Тапсырыс берушіге нұқсан келтірмей, сападан төмен емес, сол көлемде тауарға ауыстыруды жүзеге асыруға кепілдік береді. Өнім беруші Шарт күшіне енген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушіге толтыру мерзімі "2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін" талондарды беруге міндеттенеді, бұл ретте талондардың саны мен талондардағы тауардың көлемін Тапсырыс беруші оның өтінімінде айқындайды.