Көлемі кемінде 5 л канистрдегі дезинфекциялаушы құрал (дайын ерітінді) құрамында 0,6-0,65% аралықта ОРТОФТАЛЬДІ альдегид, сондай-ақ баз, қосалқы компоненттер мен су болуы тиіс. Құрал құрамында басқа белсенді заттар болмауы керек. рН 7,0-8,5% болуы керек. Препарат вирулицидтік, бактерицидтік, туберкулоцидтік (M. Terrae қоздырғышына қатысты), фунгицидтік, спороцидтік белсенділікке ие болуы тиіс. Құрал медициналық мақсаттағы бұйымдардың әртүрлі материалдарымен жақсы үйлесуі, өңделетін бетті бұзбауы, металдарды, соның ішінде алюминийден, көміртекті болаттан хром мен никельден коррозияға ұшыратпауы, желім қосылыстары мен эластомерлерді бұзбауы, оптиканың бұлттануын тудырмауы тиіс.