Марапаттау медалінің техникалық сипаттамасы. Марапаттау медалі металдан арнайы қалып жасалып, құю арқылы жүзеге асырылады. Өнімнің барлық элементтері айқын болуы тиіс. Спорт түрлері бойынша әрқайсысына медалдар болек жасалады. Бірінші бетіне дзюдо (224 дана), джиу-джитсу (160 дана), самбо (160 дана), қазақ күрес (160 дана), бокс (160 дана), кикбокс ( 160 дана), таеквондо (160 дана), еркін курес ( 70 дана), футбол ( 162 дана), баскетбол( 162 дана), волейбол (162 дана) түрлі-түсті суреттері әр қайсысы бөлек қалыптан құю арқылы салынады, екінші бетіне «Исатай аудандық балалар-жаөспірімдер спорт мектебі» деген нақыштама және мекеме эмблемасы қалыптан құю арқылы бедерлі жазылады. Тапсырыс берушінің өтінімі бойынша медальдар нысаны келісіледі. Медальдің өлшемдері: ұзындығы-90 мм, ені-55мм, қалыңдығы-7мм,лентаның ұзындығы-900мм, ені-30мм. Лента ою-өрнекпен өрнектелген және «Исатай аудандық балалар-жаөспірімдер спорт мектебі» деп жазылады. 1-орын лентасы алтын түстес, 2- орын лентасы қызыл, 3-орын лентасы жасыл түстес болуы тиіс. Медальдарда дақтар, сызаттар, кедір-бұдырлар, ойықтар, нүктелер немесе басқа ақаулар болмауы керек. Өнімнің эскизы Тапсырушыға кем дегенде үш үлгі көрсетіліп, бекітіледі. Медаль түстері алтын, күміс, қолаға сәйкес болуы керек. Барлық медальдар саны – 1740 дана. ( алтын- 476, күміс- 476. қола-788).