Генералдық тазалау үшін арналған концентрат. Дезинфекциялау құралы мөлдір сұйықтық болып, түсі түссізден ашық сарыға дейін, арнайы иісі бар болуы қажет. Құралдың негізгі белсенді заттары ретінде 20,0 ± 2,0% тұрақтандырылған сутегі асқын тотығы, 1,2 ± 0,5% гликоль қышқылы, сондай-ақ ПАВ (оксиэтилирленген ВЖС), фосфонбутан қышқылының трикарбонды тұзы, 1,2,3-бензотриазол және тұщы тазартылған су болуы тиіс. pH 3,5 ± 2,0% диапазонында болуы қажет. Құрал бактерицидтік, вируленттік, туберкулоцидтік (M. Terrae), фунгицидтік, спороцидтік және аса қауіпті инфекцияларға қарсы ( оба, холера, тулермия, бруцеллез, сібір жарасы) белсенділікке ие болуы тиіс. Құрал төмендегілерге арналған: дезинфекциялау және жуу (соның ішінде бүрку арқылы), УДЗ аппараттарына арналған датчиктерді дезинфекциялау, медициналық жабдықты дезинфекциялау, стоматологиялық оттисктерді дезинфекциялау, қатты және икемді эндоскоптардың жоғары деңгейлі дезинфекциясы, ММБ стерилизациясы, дезинфекция мен алдын ала стерилизациялық тазалауды біріктіріп қолдану, алдын ала стерилизациялық тазалау (дезинфекциясыз). Жарамдылық мерзімі — кемінде 2 жыл, жұмыс ерітінділері — кемінде 18 күн. Құралға міндетті түрде МЭК экспресс-бақылауға арналған индикаторлық жолақтар қосылуы тиіс (100 литр концентратқа 1 қаптама, әр қосымша 100 литр концентрат үшін 1 қаптама). Қаптамасы — кемінде 1 л көлемдегі еврафлакон.