Тапсырыс берушіде қолданыстағы BELIMED AG WD290 жуу-дезинфекциялау машиналарымен үйлесімді қышқылды бейтараптандырғыш – өндіруші көздеген жабдықтың штаттық пайдалану режимдерін, дозалау бағдарламаларын және техникалық параметрлерін өзгертпей, медициналық бұйымдарды механикаландырылған қайта өңдеу кезінде сілтілі жуу құралдарының қалдықтарын бейтараптандыруға және минералды шөгінділер мен қақты кетіруге арналған сұйық қышқылды концентрат болуы тиіс. Құрал жабдықтың кіріктірілген автоматты дозалау жүйесімен үйлесімді болуы, құрамында беттік-белсенді заттар (ББЗ) болмауы, дақтардың, іздердің және қақтың пайда болуын болдырмауы, тот баспайтын болаттан жасалған бұйымдардың пассивтендіруші қабатын қалпына келтіруге және олардың қызмет ету мерзімін ұзартуға ықпал етуі тиіс. Химиялық негізі – лимон қышқылы негізіндегі қышқылды концентрат. Өнім 20 °C температурада суда толық еруі, күшті сілтілермен және тотықтырғыштармен үйлеспеуі тиіс. Қолдану концентрациясы – 0,5–5 мл/л, жұмыс ерітіндісінің pH көрсеткіші – шамамен 3, жұмыс температурасы – 20–60 °C. Құрал сілтілі жуу кезеңінен кейін немесе бірінші аралық шаю кезеңінде қолданылуы, сілті қалдықтарын, минералды шөгінділерді тиімді кетіруі және медициналық бұйымдар мен жабдықтың ішкі беттерінде шөгінділердің пайда болуын болдырмауы тиіс. Қаптамасы – көлемі 10 л герметикалық полиэтилен канистрі. Сақтау температурасы – 0 °C-тан +25 °C-қа дейін. Жеткізу кезіндегі қалдық жарамдылық мерзімі өндіруші белгілеген жалпы сақтау мерзімінің кемінде 80 % болуы тиіс. Өнім жаңа, зауыттық таңбалануы, қауіпсіздік паспорты, қолдану жөніндегі нұсқаулығы және сапасын растайтын құжаттары болуы, Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Кислотный нейтрализатор, совместимый с имеющимися у Заказчика моечно-дезинфекционными машинами BELIMED AG WD290 — жидкий кислотный концентрат, предназначенный для нейтрализации остатков щелочных моющих средств при механизированной повторной обработке медицинских изделий, а также для удаления минеральных отложений и накипи без изменения штатных режимов эксплуатации, программ дозирования и технических параметров оборудования. Средство должно быть совместимо со встроенной системой автоматического дозирования, не содержать поверхностно-активных веществ, предотвращать образование пятен, разводов и налета, способствовать восстановлению пассивирующего слоя изделий из нержавеющей стали и продлению срока их эксплуатации. Химическая основа — кислотный концентрат с лимонной кислотой; средство должно быть полностью растворимо в воде при 20 °C, несовместимо с сильными основаниями и окислителями. Концентрация применения — 0,5–5 мл/л, pH готового к использованию раствора — около 3 в деионизированной воде, рабочая температура — 20–60 °C. Средство должно применяться после этапа щелочной мойки либо на этапе первого промежуточного ополаскивания, эффективно удалять щелочные остатки, минеральные отложения и предотвращать образование отложений на медицинских изделиях и внутренних поверхностях оборудования. Форма выпуска — герметичная полиэтиленовая канистра объемом 10 л. Условия хранения — в плотно закрытой таре, в сухом, прохладном и хорошо проветриваемом месте при температуре от 0 °C до 25 °C. Остаточный срок годности на дату поставки должен составлять не менее 80 % от установленного производителем. Продукция должна быть новой, иметь заводскую маркировку, паспорт безопасности, инструкцию по применению и документы, подтверждающие качество и соответствие требованиям действующих технических регламентов Республики Казахстан и (или) ЕАЭС.