Қолға арналған, қолдануға дайын, түссіз мөлдір сұйықтық түріндегі антисептик. Белсенді заттары: изопропил спирті — 65%, хлоргексидин биглюконаты — 0,5%; сондай-ақ қол терісін жұмсартатын, ылғалдандыратын және қорғайтын компоненттерді, оның ішінде Д-пантенолды қамтуы тиіс. Құрамында этил спирті, н-пропанол, спирт қоспалары, қышқылдар, глиоксаль, гуанидин, триамин, ББЗ (ЧАС), 2-феноксиэтанол және басқа ДВ болмауы тиіс. Өнім грамтеріс және грамоң бактерияларға, оның ішінде туберкулез қоздырғыштарына (Mycobacterium terrae штамында сыналған, тиімділігін растайтын сынақ хаттамаларымен), вирустарға, оның ішінде энтеральды және парентеральды гепатит вирустарына (А, В, С), АИТВ, полиомиелит, аденовирустар, SARS, H5N1, шошқа және адам тұмауы, герпес және т.б., сондай-ақ Candida және Trichophyton саңырауқұлақтарына қатысты микробқа қарсы белсенділікке ие болуы тиіс. Ұзақ әсер ететін микробқа қарсы әсері — кемінде 5 сағат. Хирург қолын өңдеу — әрқайсысы 2,5 минуттан екі рет өңдегенде 5 минуттан аспауы, жалпы шығыны — 5–6 мл-ден аспауы тиіс; инъекциялық алаңды өңдеу — 30 сек-тан аспайды; қолды гигиеналық өңдеу — 30 сек. Беттерді өңдеу уақыты: вирустық инфекцияларға қарсы — 30 сек-тан аспайды, бактерияларға (туберкулез, Mycobacterium terrae қоса), кандидозға және дерматофиттерге қарсы — 5 минуттан аспайды. Қолдану және экспозиция уақыты көрсетілген егжей-тегжейлі нұсқаулық және тиімділік пен экспозиция уақытын растайтын ғылыми-зертханалық зерттеу қорытындысы қоса берілуі тиіс. Сүрту арқылы шығыны — 70–80 мл/м², бүрку арқылы — 30–50 мл/м². Өнім бір рет қолданғанда тиімді болуы тиіс. ҚР МЕМСТ СТ 3752-2021 талаптарына сәйкес, қауіптілігі төмен 4-сыныпқа жатуы тиіс. Өтінімге ТС мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, қолдану жөніндегі нұсқаулық, шығу тегі туралы сертификат және сәйкестік декларациясы ұсынылады. Жарамдылық мерзімі — 5 жыл. Қаптамасы — дозалаушы помпасы бар 1 л құты; помпа шүмегінің ұзындығы — кемінде 6 см, иілген ұшы бар түтікше түрінде.