Электростатика бойынша демонстрациялық жиынтық
Электростатика, зарядтарды бөлу, электростатикалық қорғау, зарядтың үшкірден ағуы, зарядтың үстіңгі тығыздығын анықтау, зарядтың дененің беті бойынша бөлінуі, электр өрісінің кернеулігін анықтау бойынша эксперименттерді демонстрациялауға арналған. Аспаптың жиынтығына оқшаулағыш штативтер (2 дана), экрандаушы тор (1 дана), конус тәрізді және шар кондукторлары (1 дана), жиналмалы конденсатор (1 дана), шыны және эбонитті таяқшалар (1 дана), электрометрлер (2 дана), зарядты тасымалдауға арналған шарикті таяқша (1 дана), электр сұлтандар (2 дана), электроскоп (1 дана), жартылай полицилиндрлер (2 дана), жібек және синтетикалық мата, оргшекло кіреді. Жиынтық футлярға оралған.