Сатып алынатын тұрғын үйдің жалпы алаңы 85 ш.м-ден аспау керек, тұрғын жай алаңы 65 ш.м-ден аспау керек, кемінде 3 бөлмелі және оданда жоғары сондай-ақ таза әрі әрленген, күрделі жөндеуді қажет етпейтін, қанағаттандырарлық санитарлық-техникалық жағдайымен болуы тиіс. Электр қазандығымен жылытылатын, орталықтандырылған сумен, электрмен, коммуналдық қызметтер мен байланыстардан қырызы болмауы керек. Сатып алынатын тұрғын үй дайын қоныстандыруға сәйкес келуі тиіс, кіріп-шығуға арналған есік жеке болуы тиіс, тұрғын үйдің сыртқы қабырғалары кірпіштен болуы керек. Тұрғын үйде тұрмыстық жабдықтар (электр плитасы, раковиналар, ванналар, жуу, унитаз су құйатын бак болуы керек).