Шымкент қаласында мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы, қалада қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтудағы атқарылған іс-шаралар туралы халықты хабардар ететін оң имидждік материалдар жариялау. Мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы Шымкент қаласы әкімдігінің, қалалық мәслихаттың, қалалық басқармалар қызметінің барысы туралы оң имидждік материалдар жариялау. Шымкент қаласында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылуы, сонымен бірге, қала тұрғындарының денсаулығын жақсарту бағытында атқарылып жатқан оңды істер мен денсаулық саласының жетістіктерін жария ету (денсаулық саласында оңды өзгерістер, жаңа технологиялармен әдістер), қала тұрғындарының арасында бұқаралық спортты, салауатты өмір салтын насихаттау, оның ішінде маусымдық жұқпалы аурулардың, есірткінің, нашақорлықтың алдын алу бағытында позитивті тұрғыдағы мақалалар, сұхбаттар, ой-пікірлер жариялау (мемлекеттік тілде).