Фосфоглив 65 мг/35 мг №50 капсула.ҚР-ДЗ-5№018973.ҚР-ДЗ-5№018618.ҚР-ДЗ-5№020423.Құрамы
Бір капсуланың құрамында:
белсенді заттар-фосфолипидтер (Липоид с 80) (100% затқа есептегенде) (фосфатидилхолиннің негізгі компоненті 73-79%) 65,0 мг, глицирризин қышқылының тринатрий тұзы (натрий глицирризинаты) 35,0 мг,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, кальций карбонаты, кальций стеараты, тальк, коллоидты кремний диоксиді (аэросил),
капсула қабығының құрамы: №0 қатты желатинді капсулалар [корпус: күн батуы сары бояғыш (Е 110), титан диоксиді (Е 171), желатин; қақпақ: титан диоксиді (Е 171), темір бояуы қара оксид (Е 172), желатин].
Сипаттамасы.№ 0 желатинді қатты капсулалар; капсула корпусы – қызғылт сары түсті, қақпағы – қара түсті. Капсуланың ішіндегісі-ақ түстен сәл сарғыштан ашық сарыға дейін, әлсіз ерекше иісі бар түйіршікті ұнтақ.
Фармакотерапиялық тобы
Бауыр ауруларын емдеуге арналған препараттар
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті үлдірден және лакталған басылған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 капсуладан.
5 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады. Сақтау мерзімі 3 жыл