3 жастан асқан балаларға ұсынылатын орташа көлемді классикалық блоктық Конструктор. Бір қорапта 215 элемент болуы шарт. Жиынтық ішінде: әр түрлі өлшемдегі текшелер, адам фигуралары, құралдар, құрастырмалы машиналар, декор элементтері (қоршаулар, ағаштар, терезелер, есіктер, шатырлар) болуы міндеттеледі. Конструктор ұсақ немесе сапасы (өте жұқа жаслған) сын көтермейтіндігі байқалса, сонымен қатар қорабы жыртылған, скотчпен жапсырылғанын байқалған жағдайда тауар қабылданбайды. Барлығы экологиялық таза, қауіпсіз материалдардан жасалынуы және ең заманауи еуропалық экологиялық пластик технологиялардың көмегімен өндірісте қауіпсіз материалдар қолданылуымен жасалынған ойыншық болуы міндетті. Пластик күн астында қалғанда деформацияланбауы(майысып сынбауы) қажет. Өнім берушіге тауармен бірге Сертификат салуынуы міндеттеледі. Тауарды жеткізу Тапсырыс берушінің келісімінен кейін жүзеге асырыруы керек. Қаптамадан алғаш ашылған уақытта тауардан ақаулар анықталған жағдайда немесе тауар техникалық сипаттамаға мүлдем сәйкес келмеген жағдайда өнім беруші тауарды 5 жұмыс күні ішінде айырбастауға міндетті. Тауарды ауыстыру өнім берушінің есебінен жүзеге асырылады.