Сұрыпталған картоп. Сұрыпталған картоп - толық, құрғақ, таза, бүлінбеген, босамаған,өзіндік ботаникалық сортына сай иісі мен дәмі бар, басқа бөгде иіс пен дәмнің болмауы тиіс. Көктеген, босаған, кеуіп кеткен картоп өнімін қолдануға рұқсат етілмейді және де механикалық әсерден бүлінген не езілген, жартысы кесілген картоп өнімі қабылданбайды. Әкелінген картоп өнімі қауіпсіздік (сапа) талаптарына сәйкес болуы керек.