Маңдайша «Мемлекеттік органдардың атауы жазылған маңдайшаларды дайындау және оларды әкімшілік ғимараттарда орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1371 Қаулысымен сәйкес жасалуы керек. Маңдайша биіктігі 60 сантиметр, ені 80 сантиметр мөлшерінде жасалуға тиіс. Маңдайшаны көлденең орналастырылуы керек. Маңдайша қалыңдығы 2 сантиметр не одан жоғары (бірақ 4 сантиметрден артық емес) төсемге орналастырылады, төсемде мемлекеттік органның атауы жазылған графикалық жазба болады.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы маңдайшаның жоғарғы үштен бір бөлігінің ортасында орналастырылады. Маңдайша мәтіні әріптерінің биіктігі кемінде 3 сантиметр болуы тиіс. Полотноның реңі көк түсті, ал әріптер алтын түсті болуға тиіс. Маңдайшаның жиегі ені кемінде 3 сантиметр алтын түсті рамкамен қоршалады. Әріптердің шрифті "Book Antiqua".Егер мемлекеттік мекеме орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органның құрылымдық немесе ведомстволық бағыныстағы бөлімшелері болып табылса, онда маңдайшада мемлекеттік органның атауын көрсету қажет. Осы жазба Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының үстінде ортада орналасады. Жазбадағы әріптердің мөлшері кемінде 2 сантиметр болады.