Үнді түйіршіктелген қара байхалы өлшеп оралған шай Қазақстан Республикасының нормативтерімен бекітілген санитарлық нормалар мен ережелерді сақтай отырып, Технологиялық нұсқаулықтар мен рецептуралар бойынша ГОСТ 1938-90 талаптарына сәйкес келуі тиіс. 1.2.Органолептикалық көрсеткіштер бойынша шай келесі талаптарға сәйкес келуі керек: Хош иіс пен дәм - нәзік хош иіс, Орташа тұтқырлық дәмі Тұндырма - жеткілікті ашық, мөлдір, «орташа», біркелкі емес, қоңыр. Түйіршіктелген шайдың сыртқы түрі жеткілікті тегіс, сфералық немесе ұзын пішінді. 1.3.Шайға көгеруге, қатаюға, қышқылдыққа, сондай-ақ сары шай шаңына, бөтен иістерге, дәм мен қоспаларға жол берілмейді. 1.4.Ылғалдың массалық үлесі 8,0% - дан аспайды.