Соруға арналған таблеткалар №20. С, соруға арналған таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: деквалиний хлориді кемінде 0,25 мг, аскорбин қышқылы
30 мг кем емес
қосымша заттар: глюкоза моногидраты, натрий сахарині, пектин, ванилин, сахароза, какао ұнтағы, лактоза моногидраты, магний стеараты.
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі жақты фаскалы және бір жағынан кертілген қоңыр түсті, какао мен ванилиннің иісі бар, диаметрі 13.0 мм-ден аспайтын таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер.
Шығарылу түрі және қаптамасы
ПВХ/ПВДХ мөлдір түсті үлдірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға кемінде 20 таблетка.
1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Сақтау мерзімі
3 жыл