Халықаралық жалпы атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
сыртқы қолдануға арналған крем
Құрамы
1 г кремнің құрамында:
Белсенді заттар:
Метилсалицилат 128,0 мг
Рацементол 59,1 мг
Эвкалипт жапырағы майы 19,7 мг
Терпентин майы 14,7 мг
Көмекші заттар:
Цетостеарил спирті [цетил спирті 60 %,
стеарил спирті 40%] 180,0 мг
Натрий цетилстеарил сульфаты 20,0 мг
Сұйық Парафин 10,0 мг
Пропиленгликоль 10,0 мг
Сусыз ланолин 5,0 мг
Хлораллилметенамин хлориді 1,0 мг
Су 552,5 мг
Сипаттама
Крем ақ түсті, ментол мен метилсалицилат иісі бар.
Фармакотерапиялық топ
Жергілікті стероидты емес қабынуға қарсы препараттар.
Шығару формасы және қаптамасы
Тығыздығы жоғары полиэтилен қақпағы бар алюминий түтіктерінде 15 г препарат.
1 тубадан мемлекеттік және орыс тілдерінде қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады
Сақтау мерзімі