Халықаралық жалпы атауы
Натрий гепарині + Декспантенол + Диметилсульфоксид
Дәрілік түрі
Гель
Құрамы
100 г гель құрамында
белсенді заттар: натрий гепарині 50.000 ME (0,227-0,417 г),
декспантенол 2,500 г,
диметилсульфоксид 10% су 16,660 г;
қосымша заттар: карбомер (карбопол 98 NF), трометамол , макрогол глицерил гидроксистеараты, изопропил спирті , розмарин майы, биік таулы қарағай майы , цитронелла майы, тазартылған су.
Сипаттама
Мөлдір, сәл бұлыңғыр түссіз немесе сарғыш гель.
Фармакотерапиялық топ
Гепарин-құрамында жергілікті препараттар бар. Гепарин басқа препараттармен бірге.
Шығару формасы
Бұрандалы қақпағы бар алюминий түтіктерге 20 г препарат.
Мемлекеттік және орыс тілдерінде медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге 1 түтіктен картон қорапқа салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл