Дизельді жанармайды беру 10-20 литрге арналған қағаз талондармен жүзеге асуы тиіс. Талондардың әрекет ету мерзімі 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін. Талон екі жақтың мөрлері болған жағдайда жарамды болып есептеледі. Жанар-жағар май станцияларында (БҚО, БөкейОрда ауданы Хан Орада ауылында,) талондарды құю, жанар-жағар май станцияларының жұмыс тәртібі (24/7) тәулік бойы. Әлеуетті өнім беруші жанармай құю бекеттерінің тізімін (талондар арқылы) көрсетуі керек (жанармай құю бекеттерінің орналасу кестесін мекенжаймен көрсету). Тапсырыс беруші мүдделі мамандардың қатысуымен жеткізілетін тауарлардың сапасы мен санын тексеруді және осы әрекеттерге сәйкес акт жасауға құқылы. Тапсырыс беруші, егер қажет болса (егер Жеткізуші ақаулы өнімді немесе сәйкес емес техникалық сипаттаманы жеткізсе) көрсетілген талаптарға сәйкестігіне зертханалық зерттеулер жүргізуге құқылы. Сапасына зертханалық сынақтарды жүргізуге байланысты барлық шығындарды Жеткізуші көтереді.