Марапаттау медалінің техникалық сипаттамасы Марапаттау медалі металдан арнайы қалып жасалып, құю арқылы жүзеге асырылады. Өнімнің барлық элементтері айқын болуы тиіс. Бірінші бетіне Исатай ауданының эмблемасы (түрлі-түсті суретпен ) қалыптан құю арқылы салынады, екінші бетіне «Исатай аудандық балалар-жаөспірімдер спорт мектебі» деген нақыштама және мекеме эмблемасы қалыптан құю арқылы бедерлі жазылады. Тапсырыс берушінің өтінімі бойынша медальдар нысаны келісіледі. Медальдің өлшемдері: ұзындығы-90 мм, ені-55мм, қалыңдығы-7мм,лентаның ұзындығы-900мм, ені-30мм. Лента ою-өрнекпен өрнектелген және «Исатай аудандық балалар-жаөспірімдер спорт мектебі» деп жазылады. 1-орын лентасы алтын түстес, 2- орын лентасы қызыл, 3-орын лентасы жасыл түстес болуы тиіс. Медальдарда дақтар, сызаттар, кедір-бұдырлар, ойықтар, дақтар, нүктелер немесе басқа ақаулар болмауы керек. Өнімнің дизайны Тапсырушымен бекітіледі. Медаль түстері алтын,күміс,қолаға сәйкес болуы керек. Барлық медальдар саны – 1740 дана. ( алтын- 456, күміс- 456. қола-828).