Халықаралық жалпы атауы Инозин + Никотинамид + Рибофлавин + Сукцин қышқылы Дәрілік түрі Көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінді, 10 мл Құрамы 10 мл препарат құрамында белсенді заттар: кәріптас қышқылы 1,00 г, никотинамид 0,10 г, рибоксин (инозин) 0,20 г, рибофлавин натрий фосфаты (рибофлавин) 0,02 г; қосымша заттар: N-метилглюкамин (меглумин), натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су. Сипаттама Мөлдір сұйықтық сары түсті Фармакотерапиялық топ Жүйке жүйесінің ауруларын емдеуге арналған өзге де препараттар. Шығару формасы және қаптамасы Қоңыр шыны ампулаларға 10 мл. 5 ампуладан поливинилхлоридті пленкадан жасалған бір жақты контурлы жасушалық қаптамаға орналастырылады. Контурлы ұяшықты қаптама жабынды пленкамен немесе алюминий фольгамен жабыстырылады немесе ашық қалдырылады. 2 контурлы ұяшықты қаптамалар мемлекеттік және орыс тілдерінде қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қаптамаға салынады. Сақтау мерзімі 2 жыл