Халықаралық жалпы атауы Жоқ Дәрілік түрі Ішуге арналған тамшылар, 30 мл Құрамы 100 мл препарат құрамында белсенді заттар: темір (II) сульфаты гемигидраты 4,720 г,D, L-микронизацияланған серин 3,560 г, қосымша заттар: калий ацесульфам, аскорбин қышқылы, натрий бензоаты, хлорсутек қышқылы 25%, полиэтиленгликоль 400, карамель бояуы, қара қарақат хош иісі, тазартылған су. Сипаттама Қара қарақаттың иісі мен дәмі бар мөлдір, қоңыр-сары ерітінді Фармакотерапиялық топ Гемопоэз стимуляторлары. Темір препараттары. Ауызша қабылдауға арналған темір (II) препараттары. Шығару формасы және қаптамасы Бұрандалы қақпағы бар қоңыр түсті шыны тамызғыш бөтелкелерде 30 мл. 1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапқа салынады Сақтау мерзімі 3 жыл