Халықаралық патенттелмеген атауы Теңіз суы Дәрілік түрі мұрынға арналған спрей Құрамы 100 мл ерітіндіде Табиғи микроэлементтері бар 30 мл Адриатикалық теңіз суы және 70 мл тазартылған су бар. Құрамында консерванттар жоқ. Иондардың болуы: Na+ - кемінде 2,50 мг / мл; Ca2+ - кем дегенде 0,08 мг / мл; Mg2+ - кемінде 0,35 мг / мл; Сl - - кемінде 5,50 мг / мл SO42 - - кемінде 0,60 мг / мл; HCO3 - - кемінде 0,03 мг / мл. Сипаттама Түссіз, мөлдір, иіссіз ерітінді. Фармакотерапиялық топ Мұрын ауруларын емдеу Шығару формасы Мұрынға арналған спрей. 30 мл (30,36 г) препарат мөлшерлеу құрылғысымен, бүріккіш басымен және пропиленнен қорғайтын қақпақпен жабдықталған қоңыр түсті бейтарап шыныдан жасалған құтыда. Қолдану жөніндегі нұсқаулығы бар бір құтыны картон қорапқа салады. Жарамдылық мерзімі 3 жыл