Халықаралық жалпы атауы Кальций карбонаты + Колекальциферол Дәрілік түрі Лимон хош иісті шайнайтын таблеткалар Құрамы Бір таблеткада белсенді заттар: кальций карбонаты 1250 мг (500 мг элементар кальцийге тең), холекальциферол 5,5 мкг (200 ХБ Д3 дәрумені) холекальциферол концентраты 2,0 мг түрінде. қосымша заттар: сорбитол, жалбыз хош иістендіргішінің түйіршіктері (құрамында изомальт, жалбыз хош иістендіргіші, май қышқылдарының моно - және диглицеридтері бар), повидон, магний стеараты, аспартам. Сипаттама Дөңгелек, қос дөңес, қабығы жоқ таблеткалар, ақ түсті, жалбыз хош иісі бар. Кішкентай дақтар мен тегіс емес жиектер болуы мүмкін. Фармакотерапиялық топ Минералды қоспалар, кальций препараттары басқа құралдармен бірге. Шығару формасы және қаптамасы бұрандалы қақпағы бар тығыздығы жоғары полиэтилен құтыда. 1 құтыны мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады. Сақтау мерзімі 3 жыл