Халықаралық жалпы атауы Микроорганизмдердің лизаттары [Candida albicans + Corynebacterium pseudodiphtheriticum + Enterococcus faecalis + Enterococcus faecium + Fusobacterium nucleatum subsp] Дәрілік түрі Резорбцияға арналған таблеткалар Құрамы Бір таблеткада: белсенді зат - Имудон® (бактериялар лизаттарының қоспасы)* 2.70 мг (құрғақ затқа есептегенде), қосымша заттар: глицин, лактоза моногидраты, маннитол, повидон, натрий сахаринаты, натрий гидрокарбонаты, сусыз лимон қышқылы, магний стеараты, жалбыз хош иісі (жалбыз эфир майы және араб сағызы) * - Бактериялардың лизаттары-0.1575* * мг) (Lactobacillus acidophilus Lactobacillus helveticus Lactobacillus delbrueckii ss lactis Lactobacillus fermentum Streptococcus pyogenes groupe A Enterococcus faecium Enterococcus faecalis Streptococcus sangius groupe H Staphylococcus aureus Klebsiella pneumoniae ss pneumoniae Corynebacterium pseudodiphtheriticum Fusobacterium nucleautum ss fusiforme Candia albicans) және қосалқы заттар: Глицин-2.00* * мг) Натрий дезоксихолаты-0.53* * мг) Тиомерсал-0.0125* * мг аспайды). ** - есептік саны Сипаттама Таблеткалар ақ немесе ақ дерлік, жалпақ цилиндр тәрізді, тегіс жылтыр беті бар, жиектері қиғаш, жалбыз иісі бар, аздап мәрмәрге рұқсат етіледі. Фармакотерапиялық топ Стоматологиялық препараттар. Ауыз қуысының ауруларын жергілікті емдеуге арналған микробқа қарсы препараттар. Басқалары. Шығару формасы және қаптамасы 8 таблеткадан полиамид/алюминий/поливинилхлорид композициялық материалдан жасалған контурлы жасушалық қаптамаға салынады Сақтау мерзімі 2 жыл