Халықаралық патенттелмеген атауы Гинкго екі жапырақты жапырақ сығындысы Құрамы 1 капсула құрамында: Белсенді зат: Құрғақ стандартталған гинкго билоба жапырағы сығындысы 80 мг. 80 мг сығындыда 19,2 мг флавон гинкго гликозидтері және 4,8 мг терпен лактондары (гинкголидтер мен билобалидтер) бар. Қосымша заттар: сусыз кальций гидрофосфаты, сусыз коллоидты кремний диоксиді, магний стеараты. Капсула қабығының құрамы: титан диоксиді, темір оксиді қара, темір оксиді сары, азорубин, желатин. Сипаттама Қатты желатинді капсулалар қоңыр түсті, мөлшері №1, құрамында қара түсті көрінетін бөлшектері бар ашық – қара қоңыр ұнтақ бар. Шығару формасы және қаптамасы Блистердегі 10 капсула. Картон қаптамасында қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге 3 блистер. Жарамдылық мерзімі 2 жыл