Халықаралық жалпы атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішке қабылдауға арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 20 г
Құрамы
Бір пакетте
белсенді заттар: парацетамол 500 мг, хлорфенирамин малеаты 4 мг, фенилэфрин гидрохлориді 10 мг;
қосымша заттар: сусыз лимон қышқылы, шарап қышқылы, натрий гидрокарбонаты, сусыз натрий карбонаты, натрий бензоаты (Е211), лимон хош иісі, тазартылған қант, поливинилпирролидон К 30, темір оксиді сары (Е 172).
Сипаттама
Лимон иісі бар ақшыл-сары түсті түйіршіктелген борпылдақ ұнтақ.
Фармакотерапиялық топ
Анальгетиктер-антипиретиктер басқалары. Парацетамол басқа препараттармен бірге (психолептиктерді қоспағанда).
Шығару формасы және қаптамасы
Ішуге арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ.
20 г препарат полиэфирден, алюминий фольгадан және полиэтилен пленкасынан жасалған үш қабатты сығымдалған пакеттерге салынады.
Медициналық нұсқаулықпен бірге 12 пакет