Ішуге арналған тамшылар, 30 мл
Құрамы
100 мл препарат құрамында
белсенді заттар: темір (II) сульфаты гемигидраты 4,720 г,D, L-микронизацияланған серин 3,560 г,
қосымша заттар: калий ацесульфам, аскорбин қышқылы, натрий бензоаты, хлорсутек қышқылы 25%, полиэтиленгликоль 400, карамель бояуы, қара қарақат хош иісі, тазартылған су.
Сипаттама
Қара қарақаттың иісі мен дәмі бар мөлдір, қоңыр-сары ерітінді
Фармакотерапиялық топ
Гемопоэз стимуляторлары. Темір препараттары. Ауызша қабылдауға арналған темір (II) препараттары.
Шығару формасы және қаптамасы
Бұрандалы қақпағы бар қоңыр түсті шыны тамызғыш бөтелкелерде 30 мл. 1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапқа салынады
Сақтау мерзімі
3 жыл