Кілем - түкті, түйіндік, жібек жіптен, машиналық өндірісі арқылы әзірленген. Жалпы ұзындығы 4 метр, ені 3 м, пішіні тікбұрышты, шеттері тігілген. Орташа түкті, Материалы жібек, полиэстер және мақта. Барлық тазалау әдістеріне төзімді. Дизайн, түсі - Тапсырыс берушімен келісілуі керек. Тауарды жеткізу шарттары: тауарды жеткізумен бірге Жеткізуші Шарт жобасының 5-тармағының 5.1-тармағында көзделген тауарларға сертификаттар береді. Тауар жаңа болуы керек, тасымалдау кезінде ешқандай механикалық зақым келмеуі керек. Тауарларды сапасы мен саны бойынша қабылдау жеткізу пункттерінің нақты болуы негізінде, Тапсырыс беруші мен Жеткізушінің қатысуымен жүзеге асырылады. Тасымалдау Жеткізушінің есебінен және құралдарымен жүзеге асырылады. Тауардың құнына жеткізу кіреді. Өнім Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік стандарттары мен ережелеріне сәйкес болуы керек. Өнім техникалық ерекшелікке сәйкес келмеген (немесе үлгі Тапсырыс берушімен келісмеген) жағдайда Өнім беруші 5 күнтізбелік күн ішінде өз есебінен өнімді техникалық талаптарға сәйкес келетін өніммен ауыстыруға міндетті. Тауарды жеткізу және Тапсырыс берушінің қоймасына түсіру шығындары Өнім беруші есебінен жүргізіледі.