Мемлекеттік мекеменің атауы бар маңдайшаны дайындау. Маңдайша 60 х 80 сантиметрден кем емес көлемде орындалуы тиіс. Маңдайшаларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналастырылады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының астында маңдайшаның төменгі 2/3 бөлігінде мемлекеттік органның атауы орналасады. Маңдайша мәтінінің әріптерінің биіктігі кемінде 3 сантиметр болуы тиіс. Кенептің фоны көк, ал әріптері алтын түсті болуы керек , мемлекеттік стандарт бойынша жасалуы тиіс, жарға ілдіретін ілгіші орнатылуы тиіс