Бұршақ жоғары сұрыпты, дөңгелек пішінді және бір типті. Тапсырыс берушімен келісу. Тауар ГОСТ талаптарына сәйкес сертификатталуы және Қазақстан Республикасында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің «Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Азық-түлік өнімдерін таңбалау бөлігінде», «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» талаптарына сай болуы тиіс. Қаптамада міндетті түрде өнімнің дайындалған күні, жарамдылық мерзімі және сақтау шарттары көрсетілуі қажет. CT-KZ нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың қосымша парағын және сәйкестік декларациясын ұсыну қажет. Азық-түлік өнімдерін тасымалдау санитариялық паспорты бар, арнайы жабдықталған автокөлікпен жүзеге асырылуы тиіс. Экспедитор арнайы киіммен қамтамасыз етіліп, жеке медициналық кітапшасы болуы қажет. Тауарды жеткізу Тапсырыс берушінің өтініміне сәйкес, бекітілген кесте бойынша жүзеге асырылады. Жеткізу Тапсырыс берушінің қойма үй-жайына сағат 8:00-ден 9:00-ге дейін жүргізіледі.Тауар жеткізушіні таңдау критерийлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығымен бекітілген Тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларының Үлгілік конкурс құжаттамасына 8-қосымшаға сәйкес айқындалады. Тапсырыс беруші балалардың нақты келуіне байланысты конкурсқа мәлімделген тауар көлемінің барлығын емес, бір бөлігін ғана таңдауға құқылы.