Тамшылар, көлемі кемінде 50 мл, құты.
Дәрілік препараттың құрамы:
10 г (= 9,75 мл) ерітіндінің құрамында:
белсенді зат – Pelargonium sidoides өсімдігінің тамырларынан алынған сұйық экстракт
(1:8–10) (экстрагенті: 11 % этанол) – 8,0 г;
қосымша зат – 85 % глицерин.
Сыртқы түрінің, иісінің және дәмінің сипаттамасы:
Сұйықтықтың түсі ашық қоңырдан қызғылт-қоңыр түске дейін.
Тауардың сапасы мен сақтау мерзімі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген барлық нормалар мен талаптарға сәйкес болуы тиіс.