Дайын антисептикалық құрал түссіз, мөлдір, спиртке тән иісі бар сұйықтық түрінде болуы керек. ӘӘЗ ретінде құрамында изопропил спирті 50,0 ± 3,0%, пропил спирті 20,0 ± 2,0%, алкилдиметилбензиламмоний хлориді 0,10 ± 0,02%, сондай-ақ функционалды қоспалар мен су болуы тиіс. рН көрсеткіші 6,0 ± 1,0% аралығында болуы қажет. Құрал бактерицидтік, фунгицидтік, вирулицидтік және туберкулоцидтік белсенділікке ие болып, антимикробтық әсері 3 сағатқа дейін сақталуы тиіс. Құралды медицина қызметкерлерінің қолдарын гигиеналық өңдеуге, хирургтардың қолдарын өңдеуге, аяқ табандарын саңырауқұлақ аурулары кезінде өңдеуге, донорлардың шынтақ бүгілулерін өңдеуге, операциялық және инъекциялық алаңның терісін өңдеуге қолдануға рұқсат етіледі. Беткейлерді дезинфекциялау режимі сүрту және бүрку тәсілдерімен бактериялық инфекция кезінде – 0,5 минут, туберкулез, вирустық және саңырауқұлақтық инфекциялар кезінде – 3 минут болуы тиіс. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды дезинфекциялау режимі сүрту және бүрку тәсілдерімен бактериялық инфекция кезінде – 1–3 минут, ал туберкулез, вирустық және саңырауқұлақтық инфекциялар кезінде – 5–10 минутты құрауы қажет. Құралдың жарамдылық мерзімі кемінде 3 жыл. Құрал кемінде 1 л көлемдегі еурофлакондарға құйылып шығарылуы тиіс.