Киви. Жемістері балғын, бүтін, сау, қатты, бағанасыз, жарылмаған, бұзылмаған. Дәмі мен иісі аталған өнімге тән. Жұмсағы қатты, шырынды, майда, бұзылмаған. Жәшіктерге салынған және қапталған. ГОСТ 31823-2012 Бөлшек саудада сатылатын киви. Техникалық шарттары 01.01.2014 қолданыста. Қолдану саласы: Аталған стандарт кивидің әртүрлі сұрыптарына, балғын күйінде пайдалану үшін жеткізілетін, бөлшек саудада сатылатын және қайта өңдеуге арналмаған түрлеріне таралады.