"Мінез-құлықты қолданбалы талдау (АВА-терапия) әдістерін пайдалана отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу" оқыту курсы ерекше қажеттіліктері бар, оның ішінде мінез-құлқы бұзылған балалар үшін оқыту, сүйемелдеу, түзету-дамыту сабақтарын өткізу, проблемалық мінез-құлықты түзету, даму бағдарламаларын (оның ішінде жағымсыз мінез-құлықты түзету жоспарларын) іске асыру мәселелерінде мамандардың теориялық білімі мен практикалық дағдылары мен іскерлігінің деңгейін арттыруға бағытталған.
Курс мінез-құлық тәсілін, мінез-құлық құралдарын қолдануды, дағдыларды бағалау құралдарын, оның ішінде ауызша дағдыларды қолдануды үйренуді қамтиды.
Курсты мінез-құлық мамандары әзірледі және қазақ және орыс тілдерінде оқытылады.
Курстың міндеттері:
1. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау мәселелерінде мамандардың кәсіби білімдерін жаңарту және тереңдету;
2. Ерекше қажеттіліктері бар балалармен түзету жұмыстарында мінез-құлықты қолданбалы талдау әдістерін қолдануға оқыту;
3. Ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыста мінез-құлық құралдарын қолдануға үйрету;
4. Ерекше қажеттіліктері бар балалардың проблемалық (қалаусыз) мінез-құлқын түзету әдістерін қолдануға үйрету;
Мақсатты аудитория: мектепке дейінгі және орта деңгейдегі жалпы және арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері мен мамандары, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларының басқа да мамандары.
Оқыту ұзақтығы-12 апта онлайн форматта
Курстың құны: 29 000 (жиырма тоғыз мың) теңге / 1 тыңдаушы.