ШҚО,Күршім ауылында жер учаскесіменмен тұрғын үй сатып алу. Құрылыс түрі іргетас: бетон-таспалы, қабырға: шлакоблокты, сатып алынатын тұрғын үйдің жалпы алаңы: 70,0 м2 артық болмауы тиіс, тұрғын алаңы: 45,0 м2 кем болмауы тиіс. Сатып алынатын бір қабатты тұрғын үй Күршім ауылында, ШҚО жеке секторында (жер телімі 0,0800 гектардан кем емес), 3 (үш) бөлмеден кем емес, шиферден жасалған төбе, пластикалық терезелер, таза әрленген, күрделі жөндеуді талап етпейтін, санитарлық-техникалық жағдайы жақсы және жөндеуі жақсы болуы тиіс. Қатты отынмен жанатын пешпен жылыту, автономды суық және ыстық сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, коммуналдық қызметтер мен байланыс үшін абоненттік берешегі жоқ. Сатып алынған үй қоныстануға дайын болуы керек, кіруге арналған есік бөлек болуы керек. Тұрғын үйде тұрмыстық жабдықтардың болуы (раковина, автономды кәрізі бар раковина-септик). Қосымша шаруашылық объектілері болуы тиіс: гараж, жазғы ас үй, веранда, жертөле, дәретхана, қоршаулар. Міндетті құжаттар: жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есеп, ЗУ-ға мемлекеттік акт, Ф-1 техпаспорт, мүлік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және басқа да құқық белгілейтін құжаттар.