Пастерленген, майлылығы кемінде 3,2% тұтас сиыр сүті, 0,5 л-ден өлшеп оралған, полиэтилен пакеттерде. Өндіру, сақтау, тасымалдау шарттары, сондай-ақ көлікке, ыдысқа және сүтке ілеспе құжаттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 230 қаулысымен бекітілген "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентіне сәйкес келуі тиіс. Полиэтиленді пакеттегі тұтынушылық таңбалаудың нақты белгілері болуы тиіс: дайындаушының атауы мен мекен-жайы, таза салмағы, құрамы, дайындалған күні және сақтау мерзімі. Жеткізу санитарлық паспорты бар көлікпен жүргізілуі тиіс, жүргізушіге міндетті түрде медициналық кітапшасы болуы тиіс ("тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар "санитарлық ережесін бекіту туралы" 151-Т., Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 230 бұйрығы.).(УГ)