Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын түсіндіру бағытында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің табыстары мен жетістіктері туралы түрлі тақырыптық оң имидждік материалдарды жариялау, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы, оның қалыптасуы мен дамуындағы тарихи рөлі туралы материалдар жариялау, Шымкент қаласында әлеуметтік-экономикалық реформалар жүзеге асуы, қаланың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуы, білім, денсаулық, мәдениет, спорт, туризм салаларында атқарылып жатқан жұмыстар туралы, ҚР демографиялық саясаты, ана мен баланы қорғау және денсаулығын жақсартудағы іс-шаралар туралы, гендерлік саясатта жас отбасыларына қолдау көрсету, мемлекеттік тілді дамыту, ҚР Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламалары, қаладағы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар мен өткізілген іс-шараларды насихаттау бойынша оң имидждік материалдар дайындап, көрсету, Шымкент қаласында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, түрлі тақырыптардағы әлеуметтік бейнероликтер мен бейнефильмдерді телеарна эфирінде мемлекеттік және орыс тілдерінде шығару.