Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің табыстары мен жетістіктері туралы түрлі тақырыптық оң имидждік материалдарды жариялау, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы, оның қалыптасуы мен дамуындағы тарихи рөлі туралы материалдар жариялау, Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды кең көлемде насихаттау, Шымкент қаласының 2200 жылдығы бойынша позитивті материалдар жариялау, қаладағы туристік саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары сондай-ақ, қаланың мәдениет саласы бойынша, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жасөспірімдер мен жастар арасындағы қылмыстың алдын алу және Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан атқарылып жатқан іс-шаралар бойынша оң имидждік сюжеттер дайындау, арнайы репортаждарды мемлекеттік тілде жүргізу, сондай-ақ Шымкент қаласы үшінші мегаполиске айналуына орай кең көлемдер материалдар дайындау. Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі материалдар дайындау, Шымкент қаласының статистикалық есебі туралы оң имидждік материалдар дайындау, Қазақстан Республикасының Әкімшілік процесуалдық кодексінің, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бөлігінде түсіндірме материалдар дайындау. Е-өтініш жүйесі бойынша халықты ақпараттандыру. Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында ақпараттық материалдар дайындау. Шымкент қаласында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы материалдар дайындау.