Эфизол №20 деквалин хлориді / аскорбин қышқылы.ҚР-ДЗ-5№010822
Дәрілік түрі
Соруға арналған таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: деквалиний хлориді 0,25 мг, аскорбин қышқылы
30 мг
қосымша заттар: глюкоза моногидраты, натрий сахарині, пектин, ванилин, сахароза, какао ұнтағы, лактоза моногидраты, магний стеараты.
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, қоңыр түсті, екі жақты фаскалы және бір жағынан кертілген, какао мен ванилиннің иісі бар, диаметрі шамамен 13.0 ММ таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер.
Шығарылу түрі және қаптамасы
ПВХ/ПВДХ мөлдір түсті үлдірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 20 таблеткадан.1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.Сақтау мерзімі 3 жыл