Тайлол фен хот №12 саше .ҚР-ДЗ-5№015030
Дәрілік түрі ішуге арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 20 г
Құрамы
Бір пакетте
белсенді заттар: парацетамол 500 мг, хлорфенирамин малеаты 4 мг, фенилэфрин гидрохлориді 10 мг;
қосымша заттар: сусыз лимон қышқылы, шарап қышқылы, натрий гидрокарбонаты, сусыз натрий карбонаты, натрий бензоаты (Е211), лимон хош иістендіргіші, тазартылған қант, К 30 поливинилпирролидон, сары темір оксиді (Е 172).
Сипаттамасы
Лимон иісі бар ақшыл сары түсті түйіршікті ұнтақ.
Фармакотерапиялық тобы
Анальгетиктер-басқа антипиретиктер. Парацетамол басқа препараттармен біріктірілімде (психолептиканы қоспағанда).
Шығарылу түрі және қаптамасы
Ішуге арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ.
20 г препарат полиэстерден, алюминий фольгадан және полиэтилен үлдірінен жасалған үш қабатты престелген пакеттерге салынады.
12 пакеттен медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші фирманың голограммасы бар картон қорапшаға салынған.
Сақтау мерзімі
2 жыл