Холудексан 300 мг №20 капсула.Дәрілік түрі
Капсулалар 300 мг
Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат – урсодезоксихол қышқылы 300 мг,
қосымша заттар: жүгері крахмалы (түйіршіктелген), жүгері крахмалы, магний стеараты, калий сорбаты, аэросил 200
капсула қабығының құрамы: желатин, титан диоксиді (Е171), кармоизин (Е122), понсо 4R (Е124).
Сипаттамасы
Қатты желатинді капсулалар, өлшемі № 0, қызғылт түсті корпус, қызыл түсті қақпақ, ақ немесе ақ түсті түйіршікті ұнтақпен толтырылған.
Фармакотерапиялық тобы
Бауыр мен өт жолдарының ауруларын емдеуге арналған препараттар. Өт қабын емдеуге арналған препараттар. Өт қышқылының препараттары. Урсодезоксихол қышқылы.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті үлдірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 капсуладан.
2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі 3 жыл