«Nesquik» какао ұнтағы. Еритін какао ұнтағы - ашық қоңырдан қара қоңырға дейін ұнтақ. Сұр реңкке жол берілмейді. Саусақтардың арасын ысқылағанда, ол дән сезімін бермеуі керек. Дәмі мен хош иісі какао ұнтағына тән, бөтен дәмі мен иісі жоқ.Өнім тұтынушының мекен-жайына зауытта дайындалған контейнерлерде жарамдылық мерзімі және өндіріс белгілері бар жеткізілуі керек. Өнімді жеткізу санитарлық паспорты бар жабдықталған арнайы көлікте жүзеге асырылады. Өнімді жеткізіп беретін қызметкердің медициналық картасы, арнайы киімі және өнімнің құжаттары болған жағдайда, жеткізушінің өнімін тапсырыс беруші қабылдайды.