Лентаны бекітуге арналған құйылған көзімен төрт бұрышты жапырақ пішінді медальдің биіктігі 80 мм (лентаны бекітуге арналған көзбен қоса), ені 65 мм, қалыңдығы 4 мм, салмағы 120-130 гр. Лентаны бекітуге арналған көздің жабыны медальдің жабынына сәйкес. Медальдар қорғасынның меншікті салмағындай түсті металдардың қорытпасынан құю әдісімен жасалады. Медальдар гальваникалық тәсілмен келесі металдармен жабылады: мыс, никель, алтын. Ортасының бет жағында өлшемі 30мм*10 мм кем емес рим цифрлары жазылған (I, II, III) және айналасы ұлттық ою-өрнекпен сәнделген. Медальдің артқы жағында диаметрі 55 мм Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының логотипі салынады. Медальдардың барлық элементтері бедерлі, таңбаланған, сапалы көрінімді қабылдау үшін жеткілікті көлемде орындалған. Сондай-ақ, медальдар ені 35 мм, ұзындығы 85 см ашық көк түсті атлас лентамен толықтырылады. Лентаға жібекбаспа әдісімен құйылып тұратын алтын бояумен "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Ақжайық ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" КММ деген жазу және ұлттық ою-өрнек салынған, барлық әріптер 10 мм*8 мм кем емес бас әріппен “Arial” шрифтімен жазылған. Лента бекіткішке сегіздік түрінде тігіледі. Әр медаль жеке пакетке оралады. І орын - 200 дана, ІІ орын – 200 дана, ІІІ орын - 400 дана. Даналарды алдынала тапсырыс берушімен келісімдеу қажет. Медаль дайындау мерзімі шарт күшіне енгеннен кейін бір ай.