Бидай наны, бидайдың қатты сұрыпынан, 2 сұрыпты ұннан жасалған. Беті тегіс, қатты сынулар жоқ. Түсі – ашық сарыдан қоңырға дейін. Ішіндегі жұмсағы піскен, ылғал емес, икемді. Дәмі мен иісі – аталған өнімге сай болу керек. Қышқыл иіссіз және ашытқының дәмі болмау керек. Жеткізу кезіндегі талап етілетін ерекшеліктер: жеткізілетін өнім ҚР Заң талаптарына сай болуы тиіс. Міндетті түрде сапа сертификаты болуы керек. Арнайы құжаты жоқ, мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар өнімдер қабылданбайды. Нанды жеткізуде арнайы көлік болуы тиіс, жүргізуші мен экспедиторда санитарлық кітапшалары болуы керек. Қабылдау ережесі: барлық жеткізілген өнімді Тапсырыс берушінің уәкілетті қызметкерлері қабылдап алады. Өлшейді, қаптамасын ашып, сапасын, балғындығын тексереді. Техникалық ерекшелікке және жоғарыдағы талаптарға сай келмеген өнім қабылданбайды. СТ РК 984-2008